«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбы бойынша онлайн – кездесу

17.03.2021

17 наурызда онлайн форматта «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының үйлестірушісі Меруерт Курбанбаевна Кошембаевамен «Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу және ескерту» тақырыбында 1-2 курс студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Меруерт Қурбанбаевна қордың қызметі, негізгі функциялары, өмірлік қиын жағдайға тап болған жас аналарға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру туралы айтты. Ол қыздарды қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтауға, жастармен қарым-қатынаста неғұрлым сақ болуға шақырды.

Бұл іс-шара жастарға адамгершілік-жыныстық тәрбие берді.



Текст
Виртуальная приемная